Жарияланды: 11400

"Еркектер, бақа бастан" алға жылжысаңыздаршы!": Гүлжазира Есбол ерлерді мүшесін ұсынуды ғана біледі деп жазғырды

"Еркектер, бақа бастан" алға жылжысаңыздаршы!": Гүлжазира Есбол ерлерді мүшесін ұсынуды ғана біледі деп жазғырды

Гүлжазира Есбол есімді әлеуметтік желі қолданушысы жеке парақшасында пікірталас туғызатын ерекше жазба жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы alashainasy.kz -ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол өз жазбасында былай деген:

Менімен таныспақ болған 40-тағы біреуге "Ақшаң жете ме?" деп сұрадым.
Ол шырт ете қалды.
"Сен де сондай екенсің ғой! Жазбаларыңа қарап, көргенді, тәрбиелі, қарапайым, басқаша қыз ба деп ойласам! Сен де адамды ақшамен бағалайды екенсің! Маған сен сияқты қыздар ұнамайды! Пәлен-пәштүген, анау-мынау" деп кетті. Осындай мәтінде жекеме шығатын сорлылар өте көп
Ей, көке! Осында жауап берейін жекеде тығылғанша. Солай айтатын өзгелерге де - АЛТЫН сырға!
Біріншіден, 40-қа дейін қалтасына ақша бітпеген жарлы-жақыбай 60-сында ақшалы болады дегенге сенбеймін!
Екіншіден, миы, білімі (немесе икемі), санасы БАР, өмірге жауапты қарайтын дені дұрыс еркек ақша табады (егер еріншек болмаса), ал еріншек жатыпішер масыл маған керек емес! Мен сомадай шал масылды асырауға МІНДЕТТІ ЕМЕСПІН!

Үшіншіден, кім айтты тәрбиелі, көргенді, қарапайым қызға ақша керек емес деп?! Кім айтты ақша тек ақымақтар мен ессіздерге керек деп? Кім айтты тәрбиелі, мәдениетті қыздар жарлы-жақыбай, масыл, еріншек шалдарға тие береді деп? Кім айтты жалпы ақшасыз өмір сүруге болады деп? Кім айтты ауамен ас пісіріп, тамақтанып, ауамен киім киіп, ауамен үй соғып, ауамен көлік алып, ауамен дәрі сатып алып, ауамен емделіп, ауамен автобусқа мініп, ауамен қонақ шақырады деп?! Қарапайым, тәрбиелі, мәдениетті, көргенді ҚЫЗ ДА алтын таққысы келеді; әдемі көйлек киіп, мақтанғысы келеді; дастарханды жайнатып қонақ шақырғысы келеді; күйеуі әперген бриллиант пен шубаны киіп, төркініне барғысы келеді; неше түрлі ас пісіріп, күйеуі мен балаларын қуантқысы келеді; үйді жаңалап, ремонт жасағысы келеді; күйеуі айдап бара жатқан әдемі көліктің терезесінен қарап, рахаттанғысы келеді; коммуналдық кызмет үшін тиын санағысы келмейді; ауырып қалса, жақсы емхана мен маман дәрігерге барып емделгісі келеді; балаларына лайықты жағдай жасағысы келеді; өзінің және күйеуінің туыстарына сый тартқысы келеді; күйеуінің әкелген жілік-жілік жылқы етін асып тастап, буын бұрқыратып, қайын жұртын, төркінін, туыс пен көршілерін, достарын сыйлағысы келеді! Осыларды неге қаламауы керек? Не үшін осындай АДАЛ, ЖАҚСЫ ниеті үшін тәрбиелі қыз "жаман" болып саналуы керек?

Төртіншіден, "АҚШАҢ ЖЕТЕ МЕ?" деген метафораның астарында "СЕН БОЛАШАҚ ҚҰРАТЫН ОТБАСЫҢА ҚОРҒАН БОЛА АЛАСЫҢ БА?" деген ұғым жатыр. Соны түсінбеген, ей, ТОПАС, маған бес тиындық құның жоқ! Ең болмағанда, өзін дамытуға әрекет жасап, шығын шығармаған "бақа басты" еркектен не қайыр?

Бесіншіден, ұят болса да жазайын (кешірім өтінемін ), көп жағдайда еркек біткен тәрбиелі, көргенді, мәдениетті, сұлу не жас, еркек көрмеген, таза, дене мүсіні керемет, күтімі жақсы, иісі қымбат, түрі шаршамаған, тегі дұрыс қызды іздейді.

Ал еркектің өзі есесіне тек еркектік М@ШЕСІН ғана ұсынады (онысы таза болса да мақұл)! Тфу! Ит те күшіктетеді, мысық та балалатады, құс та жұмыртқалатады. Сонда ит, мысық, құстан не айырмасы бар дейм дә?!

Бұл шындық. Шындықты қып-қызыл қылып жазғаныма ренжімеңіздер, себебі көп қыз мені қолдайтынына сенімдімін. Еркектер қауымы, сіздер де кішкене "бақа бастан" алға жылжысаңыздаршы! Қашанғы "бақа бас" болып жүре бересіздер? Қыз да АДАМ. Қызда да сезім бар: жақсы көру, ұнату, жиіркену, құсу, лоқсу деген сияқты. Неге қыздар идеальный болуы керек те, еркектер басты бола беруі керек? Маған "бақа бас" керек емес! "Бақа бастан" сондай "бақа бас" балалар туылады, неғылам планетада "бақа бастарды", масыл, еріншек, жылауықтарды көбейтіп? Ондайлардың тұқымы көбеймеу керек. Ген беріледі, ҚАЙТАЛАНАДЫ
Менің жазбам ұнамаса, мұнда сасытып пікір жазбай-ақ қойыңыз, мені банға тығып, "бақа бас" боп, мені көрмей, тып-тыныш Фб-ның басқа бұрышында өмір сүре беріңіз. Сіздің пасық, кертартпа пікіріңізге зәру емеспін! Пасық пікір иесін бірден банға тығам
Айтарымды айттым, "бақа бастар" жарылып өлсе де - сол! Миы бар адам түсінді деп ойлаймын. Ал мисыз сорлы өзіне және шешесіне ғана керек шығар, бірақ қыздарға точно керек емес!

Р.S. Мынадай ең арзан нанды пісіру үшін де ұн, тұз, су, ашытқы, май, оқтау, тақтай, таба, сіріңке, газ не отын керек. Ал осы аталғандар тегін көшеде шашылып жатыр, барып теріп алып, нан пісіре бересің деп айтып көріңіздерші!,- деп жазды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін