Облыстық инфекциялық ауруханаға сібір ойық жарасын жұқтырды деген күдікпен сегіз адам түскен. Олардың екеуі көз жұмды.
"Қазір ауруханада 6 адам жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Қауіп жоқ Дәрігерлердің ақпаратында ауруханаға түскен 10 жасар бала ауру ірі қараны сойған жанұя мүшесі екенін айтылады. Науқастармен байланыста болғандар бақылауға алынды. Жанұямен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. 62 ауыл тұрғынын бақылауға алдық. Барлығы профилактикалық бактерияға қарсы терапия қабылдап жатыр", — деді Нұрлыбаев.