Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді

Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді

Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов Мәжіліс депутаты болып тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 1 Ақпан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 002PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.

  2. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
  3. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.