"Ерлік жасады": Қалаулым қатысушысы тікелей эфирде шашын тықырлатып алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ерлік жасады": Қалаулым қатысушысы тікелей эфирде шашын тықырлатып алып тастады

"Ерлік жасады": Қалаулым қатысушысы тікелей эфирде шашын тықырлатып алып тастады

"Qalayym Life" жобасының қатысушысы Ұлдана Ерқасым өз сөзінде тұрып, тікелей эфирде шашын тықырлатып алып тастады.

  • 23 Қазан 2019
  • 2153
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бағдарлама қатысушысы Ұлдана Ерқасым жобада өз ғашығын тапқан Дәулет пен оған үміткер болып келген Даринаға жұп болмайтынын айтып, жұп болған жағдайда шашын тықырлатып алып тастайтынын айтқан еді.

Дәулет пен Даринаның жұп болғанына көз жеткізген ару шашын тікелей эфирде тықырлатып алып тастады.

"Осы сөзді алдыңғы эфирде бастадым, Алла тағала осы сөзді аузыма салды. Мен қанша күн Алладан "маған тура жол көрсетші", — деп сұрадым. Менің осылай шашым алынып жатса, демек бұл да Алланың қалауы деп білемін. Сондықтан маған қарсы пікір айтудың қажеті жоқ", — деп жауап берді Ұлдана Ерқасым.

Осыған байланысты блогер Арыстанбек Байқабылов Facebook желісіндегі парақшасында өз пікірін білдірді.

"Бүгін әдеттегідей үйге келіп түстік асымызды ішіп отырмыз. Үйдегілер теледидарды қосып "қалаулым" бағдарламасын көріп отыр екен. Бір кезде көзім еріксіз экрандағы тақырбас балаға түсті. "Бақсам бақа екен" дегендей сүйтсем әлгі тақырбас бала деп отырғаным кәдімгі қазақтың қызы екен. Бағдарламаны көріп отырып түсінгенім, әлгі тақырбас қыз алдыңғы бағдарламаларда кездесуге келген бір қыз бен жігітке "сендер жұп болмайсыңдар, егер сендер жұп болсаңдар онда мен шашымды түгел сыпырып алып тастаймын" деп бәстесіпті. Содан ол қыз бен жігіттің көңілдері жарасып жұп болыпты мыс. Бірақ әрине заңды некелесіп үйлену тойларын жасамағанда. Сонымен не керек ұзын сөздің қысқасы әлгі қыз бүгін шашын сыпырып алып тастап келіпті және өзі сол ісіне мақтанып, масаттанып, мәз-мейрам болып отыр. Тіпті оны бір жігіт дәріптеп "міне біздің "пәленшегүл" уәдесінде тұрып, шашын алып тастап ерлік жасады" деп өзінше дәріптеп отыр. Оған қол соғып қошеметтеп бағдарламаға келген қатысушар да мәз. 
Бұдан түйген ойым, жаман әдет тез жұғатыны секілді осындай келеңсіз, қазақтың әдетіне жат көріністерді эфирге шығарып, бұл бағдарлама жастарға не үлгі береді? Бара бара хайп қуған қыздарымыз ертең жаппай шашын тықырлатып алып тастап жүрсе де таңғалмайтын дәрежеге жететін шығармыз.
"Басшысыз елдің иттері осырақ келеді" дегендей бұны қадағалап "тәйт" дейтін тиісті саланың басшылығы қайда қарап отыр. Әншейінде жоғарғы мінбелерден сөз сөйлеп "ұлтым, қазағым, отаным" деп өңеші жыртылғанша қолын сермеп, қызыл сөзді сапыратын "ұлы патриоттар" мен халықтың сенімін арқалаған "халық қалаулылары" қайда қарап отыр екен деген ойға қалады екенсің", — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Аша Матай жүргізетін "Qalayym Life" жобасы дүйсенбі мен жексенбі күндері Еуразия арнасынан 4 сағат бойы тікелей эфирде өтеді.


 

Соңғы жаңалықтар