Ермегияев қылмыстық іспен танысуға уақыт беруін сұрады
«Экспоның» бұрыңғы басшысы Талғат Ермегияевқа айыптау қорытындысымен танысу үшін тағы уақыт берілді. Сөйтіп, тергеу аяқталса да Ермегияев үй қамақта отыру мерзімін автоматты түрде ұзартып алды. |
Қазір «Экспоның» 46 жастағы экс-басшысы Есілдің жағалауындағы кіл байлар тұратын мына пентхауста том-том айыптау қорытындысымен танысып жатыр. Жалпы, «Экспо-2017» ұлттық компаниясындағы жемқорлық дауы бойынша шатылып жатқан 24 адамның тек 8-і іспен танысқан. Қалғандары сот алдында жауап берер күнді барынша ұзартқысы келсе керек, қосымша уақыт сұрапты. Бірақ прокурорлар мұндай қулыққа жол бермейміз деп отыр. Айта кетейік, Ермегияев көрмеге бөлінген 4 миллиард 200 миллион теңгені қолды деп айыпталуда. Тұтқындалғандар қатарында экс-төрағаның кеңесшісі, атышулы Мақсат Үсеновтың әкесі Қажымұрат Үсенов те бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін