«Этно-қалашықта әрбір этно-мәдени бірлестікке арнайы шатыр бөлініп, оған келушілер әр ұлттың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысады, ұлттық тағамнан дәм татады. Орталықта әр халықтың салт-дәстүрінен сыр шертетін этно-көрме ұйымдастырылады», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 1 мамырда қаланың этно-мәдени шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Мұндай шаралар қаланың әр ауданында ұйымдастырылмақ.
Алатау ауданында 30 мамырда — «Халық» стадионында; Медеу ауданында 1 мамырда — Орталық мәдени-демалыс саябағында, Алмалы ауданында — Арбат көшесінде; Әуезов ауданында — «Family» саябағында, Бостандық ауданында — «Mega Almaty» Сауда үйінде, Жетісу ауданында — Әкімдік ғимаратының алдында; Түрксіб ауданында C.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.