Салалық ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы жылдың ішінде ҚР БҒМ-де студенттік контингентті іріктеу және қалыптастыру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Отырыста оқушыларды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша дайындық жұмыстарының қорытындыларын шығару жоспарланып отыр.
Комиссияның құрамына республиканың мемлекеттік органдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Азаматтық альянс, білім қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары кіреді.