"Ертісбаев – өтірікші": Салтанат Нүкенованың ағасы саясаткерден 24 сағатта кешірім сұрауын талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ертісбаев – өтірікші": Салтанат Нүкенованың ағасы саясаткерден 24 сағатта кешірім сұрауын талап етті

"Ертісбаев – өтірікші": Салтанат Нүкенованың ағасы саясаткерден 24 сағатта кешірім сұрауын талап етті

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді 24 сағат ішінде саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтан кешірім сұрауын талап етті

  • 13 Маусым
  • 70
Azattyq Rýhy

Бұл туралы Айтбек Амангелді өзінің инстаграм парақшасында жазды, — деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сіз үшін сенсация емес, бірақ Ертісбаев – өтірікші. Оның ютюбте жариялаған мәлімдемесін көрген шығарсыз. Ол маған қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Мен ІІМ-ге және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне (ҚСжАЕК) сотқа дейінгі тіркелген материалдар, маған қарсы қолданыстағы өтініштер туралы ақпарат беру туралы сұрау салумен жүгіндім. Маған қатысты бұл істер бойынша қандай да бір іс тіркелді ме, анықтадым.

Жауап ретінде 10.06.2024 ж. жағдай бойынша «арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес маған қатысты аталған сипаттағы ақпарат жоқ екендігі туралы ақпарат алдым!!!! Егер Ертісбаев шындықты айтса, ең болмағанда, менен осы күнге дейін жауап алынар еді.  

Ертісбаевтан жалған деректі таратқаны үшін жария түрде оны теріске шығаруды және кешірім сұрауды талап етемін, әйтпесе оның іс-әрекетіне қатысты Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы талап арыз жіберіледі. Сондай-ақ, ҚР ҚК 274-бабы бойынша полицияға «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша 2-бөлім 3) тармақша бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып ақпарат таратқаны үшін арыз түседі.

Сонымен қатар, моральдық зиянды өтеу талап етіледі. Жалпы, Ертісбаевқа «пас бердім», мен оның көпшілік алдында кешірім сұрауын және 24 сағат ішінде теріске шығарылуын күтемін.

Ізгі тілектермен, Айтбек», — деп жазды ол. 

Бұған дейін, саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Салтанат Нүкенованың ағасына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын ютуб парақшасындағы видеода мәлімдеді.

«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», — деді Ермұхамет Ертісбаев.