Ертісте теплоход пен баржаның соқтығысынан Өскемен тұрғыны қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертісте теплоход пен баржаның соқтығысынан Өскемен тұрғыны қайтыс болды

Омск түбіндегі Ертіс өзенінде теплоход пен баржаның соқтығысынан кейін ауыр хәлде жатқан Өскемен тұрғыны қайтыс болды.
           Ресейдің Омск облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтындағы хабарламаға сәйкес, дәрігерлер қанша тырысқанымен 58 жастағы Эмма Постникованың өмірін арашалап қала алмаған.
           Жан сақтау бөлімінде Қазақстанның тағы бір азаматшасы Алматы облысының тұрғыны қалған. Оның жағдайы ауыр.
           Сенбі күні Омскіден он км жерде бортында 56 адам болған «Полесье-8» теплоходы мен баржа соқтығысқан.
           Оқыс жағдайда 53 адам зардап шекті, оның тоғызы - балалар. Апат салдарынан алты адам көз жұмған.

  • 19 Тамыз 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz

Омск түбіндегі Ертіс өзенінде теплоход пен баржаның соқтығысынан кейін ауыр хәлде жатқан Өскемен тұрғыны қайтыс болды.

           Ресейдің Омск облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтындағы хабарламаға сәйкес, дәрігерлер қанша тырысқанымен 58 жастағы Эмма Постникованың өмірін арашалап қала алмаған.
           Жан сақтау бөлімінде Қазақстанның тағы бір азаматшасы Алматы облысының тұрғыны қалған. Оның жағдайы ауыр.
           Сенбі күні Омскіден он км жерде бортында 56 адам болған «Полесье-8» теплоходы мен баржа соқтығысқан.
           Оқыс жағдайда 53 адам зардап шекті, оның тоғызы — балалар. Апат салдарынан алты адам көз жұмған.