Ертістің Ресей бөлігінде кеме апатынан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтың да бары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертістің Ресей бөлігінде кеме апатынан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтың да бары анықталды

Ертістің Ресей бөлігінде кеме апатынан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтың да бары анықталды

Ертістің Ресей бөлігінде орын алған кеме апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар да бар. Екі отандасымыз ауруханада хал үстінде жатса, өскемендік 58 жастағы Эмма Постникова ауруханада жан тапсырды. Айта кетсек, сенбі күні Омбы облысында 56 адамы бар кеме жүк таситын баржамен соқтығысып, алтауы қаза болған. Тағы 47 жолаушы түрлі деңгейде жараланған-ды. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Ресейде 21 тамыз қаралы күн болып жарияланды.  

  • 20 Тамыз 2013
  • 433
Фото - Caravan.kz

Бұл «Полесье-8» деп аталатын жолаушылар кемесінің апатқа ұшырағаннан кейінгі көрінісі. Куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Бортында 4 экипаж мүшесін қосқанда 56 адам бар су көлігі Ертіс өзенімен Омбы қаласынан Ачаир портына беттей шыққан екен.

Бірақ 10 шақырымды артта қалдырғаны сол екен, кеме апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері бұрылысты шатастырып, алдынан шыққан жүк баржасына соғылған. Салдарынан 6 адам қаза болып, 47 жолаушы түрлі деңгейде жараланды. 

Евгений, зардап шегуші:

У вас какие травмы?

— Перелом ключицы и порез.

Ирина Ахметова, зардап шегуші:

Тек алдымда отырған баламды ғана ұстап үлгердім. Жолға шықанымызға да көп болмаған еді. Ұзаса бір сағат шығар.

Абырой болғанда кеме аударылмай, жүк баржасына сол жақ бүйірімен жанай келіп тоқтаған. Десе де екпіні қатты күшпен соғылыпты. Сондықтан ақ халаттылардың алдына жеткізілген науқастардың дені аяқ-қолдары сынғандар. Зардап шеккендер қатарында сондай-ақ 3 қазақстандықтың да бары белгілі болып отыр. Бірақ өкінішке орай 58 жастағы Өскемен тұрғыны Эмма Постникова Омбы ауруханасында жан тапсырған. Енді оның денесі бірер күнде елге жеткізілмек.   


Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

— Омбы қаласындағы біздің консулдықтан келген ақпаратқа сәйкес, бүкіл шығындар, оның ішінде мәйітті Қазақстанға тасымалдау, оларға медициналық көмек көрсеткен ақылар Ресей тарапы  өз мойынан алады.    

Десе де апаттың орын алуына техникалық ақау емес, адами фактор себепші болған. Яғни, борт капитаны мас күйінде тізгінді басқарған. Сараптама қорытындысы оның қанынан 1 промиль алкогольдің барын анықтапты. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Сондай-ақ, бүгін Омбы губернаторы қаза болған 6 адамның отбасына 200 мың рубльден, ал зардап шеккендердің жарақат деңгейіне қарай 50 мыңнан 100 мың рубль көлемінде өтемақы беретінін мәлім етті. Ал 21-ші тамыз Ресейде қаралы күн болып жарияланбақ.