Ержан Өтембаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ержан Өтембаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді

Ержан Өтембаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді

Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның қос көмекшісін өлтіруге қатысы бар деген айыппен сотталған Ержан Өтембаев шартты түрде-мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазды.

  • 31 Қазан 2014
  • 734
Фото - Caravan.kz

«Әрбір сотталған азамат жазасының белгілі бір мерзімін өтегеннен кейін мерзімінен бұрын босату туралы арыз беруге құқылы. Е.Өтембаев осы құқығын пайдаланып отыр», — деп жұма күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі жетекшісі Ғалымжан Қасенов хабарлады.

Оның айтуынша, Е.Өтембаевтың өтініші сотқа жолданды. Заң бойынша сот мұндай өтініштерді бір ай ішінде қарап шығуы тиіс.

Сенат аппаратына жетекшілік еткен Е.Өтембаев 2006 жылы А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берді деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ал 2013 жылдың соңында Бас прокуратура тапсырысты орындаушы Рустам Ибрагимовтың бұрынғы түсініктемесін өзгертіп, А.Сәрсенбаевты өлтіруге Е.Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев тапсырыс берді деп мәлімдегенін жариялаған-ды.

Соған байланысты Е.Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралып, биылғы ақпан айында Алматы облысының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған аудан аралық соты Е.Өтембаевты саясаткер мен оның көмекшілерін өлтіруге көмектесті деп танып, 13 жылға соттады. Жаңа жазаның мерзімі 2006 жылдың 22-ақпанынан бастап есептеледі.