Е.Сағадиев: Орыс мектептеріндегі балалардың қазақша сөйлемеуі – маңызды проблеманың бірі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е.Сағадиев: Орыс мектептеріндегі балалардың қазақша сөйлемеуі – маңызды проблеманың бірі

Е.Сағадиев: Орыс мектептеріндегі балалардың қазақша сөйлемеуі – маңызды проблеманың бірі

Бүгінгі таңда қазақ балаларының 90 пайызы қазақ тілінде оқып жатыр. Дегенмен орыс мектептерінде оқитын балалар мемлекеттік тілде сөйлеме

  • 20 Ақпан 2017
  • 650
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі таңда қазақ балаларының 90 пайызы қазақ тілінде оқып жатыр. Дегенмен орыс мектептерінде оқитын балалар мемлекеттік тілде сөйлемейді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақ балаларының 90 пайызы қазақша оқып жатыр. Бүгінгі таңда назар аударатын аса маңызды проблеманың бірі – орыс мектептерінде оқитын балалардың қазақша сөйлемейтіндігі. Сол мектептерге арналған, жаңа ғылыми негізде жасалған деңгейлік-коммуникативтік әдістеме жасалды. Алдағы оқу жылынан бастап пилоттық жоба ретінде кей мектептерде енгізе бастаймыз. Нәтижесі ойдағыдай болса, 2018 жылдан бастап жаппай енгізуге болады», — дейді Е.Сағадиев.

Оның айтуынша, қазақ тілін үйрететін мобильді қосымша жасалған. Сөздік минимумдар енгізілуде.


«Енді ережелерді жаттап алып, мәтіндерді ойланбай аудара салуға жол берілмейді. Балалардың қазақ тілінде неғұрлым тезірек сөйлеуі басты назарда болады. Сонымен бірге пилоттық жоба ретінде Soyle.kz мобильді қосымшасы жасалды. Әркім өзінің ұялы телефонына жүктеп, орната алады», — дейді министр.

Соңғы жаңалықтар