«Есеп комитетінің 2007 жылғы жұмысының жалпы сандық және сапалық көрсеткіштері мынадай: ерсілі-қарсылы тексерулерді ескергенде, барлығы 375 нысан тексерілген, немесе Есеп комитетінің 1 ревизорының үлесіне жылына 12 нысаннан келген, ал заң бұзушылықтар 172 бақылау нысанында анықталды; беті ашылған заң бұзушылықтардың жалпы көлемі 108,2 млрд теңге, немесе бір қызметкерге 1,5 млрд теңгеден келді», — деді О. Өксікбаев.
Оның мәліметтерінше, тексерулердің қорытындысы бойынша 6,6 млрд теңге, немесе Есеп комитетінің бір ревизорына 0,2 млрд теңгеден өндірілген. «Сөйтіп, Есеп комитетінің іс-қызметінің есептік ақталу көрсеткіші 2006 жылы 9 есе, 2007 жылы 20 есе өсті», — деді О. Өксікбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті