"Ешкім оларға «былай жаса» деп нұсқау бере алмайды". Кинотеатрлар қазақ тіліндегі фильмдерді неге көрсеткісі келмей отыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешкім оларға «былай жаса» деп нұсқау бере алмайды". Кинотеатрлар қазақ тіліндегі фильмдерді неге көрсеткісі келмей отыр?

"Ешкім оларға «былай жаса» деп нұсқау бере алмайды". Кинотеатрлар қазақ тіліндегі фильмдерді неге көрсеткісі келмей отыр?

Голливудтық фильмдердің қазақ тілінде дыбысталған  нұсқасын кинотеатрлардың не себепті көрсеткісі келмейтіні дубляж саласы өкілдерін алаңдатып отыр.

  • 10 Қараша 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы дубляж режисері Шах-Мұрат Ордабаев Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне айтып берді.

«Олар жеке кәсіпкер болғандықтан ешкім оларға «былай жаса» деп нұсқау бере алмайды. Оларды заң қорғайды дегендей. Оның үстіне субтитр деген пәле пайда болды емес пе? Соның кесірінен де өзге тілдегі фильмдерді, тіпті,  қалауларынша көрсете беретін болды», — дейді Шах-Мұрат Ордабаев

Бүгін MARVEL студиясының «Қара қабылан: Ваканда жасасын» фантастикалық блокбастері прокатқа шықты. Фейсбук қолданушыларының бірі Оразай Қыдырбаев «Алматыда бүгінге жалпы саны 213 сеанс бар екен: Қазақша — 12 сеанс; Ағылшынша — 1 сеанс; Орысша — 200 сеанс; Таңертең немесе түскі мезгілге, жұмыс уақытына қойылған қазақша сеанс — 11; Жұмыстан кейінгі уақытқа қойылған қазақша сеанс саны — 1» деп жазған. Сондай-ақ, «Отарлау, қырып-жою, мәжбүрлеу саясатының жемісі бұл. Қазақша таңдаудың болмауы, жүйелі және құрылымдық дискриминацияның, мәжбүри орыстандыру саясатының салдары бұл. Енді осыны кинотеатрлар қайта жалғастырып жатыр» деп ойын білдірген.

Ал, дубляж режисері Ш.Ордабаев «Бұдан да аз сеанстар болады. Тіпті, сеанс болмаған кездер де болды. Бұл мәселе қолға алынады деген әлі де үмітіміз сөнген жоқ», — деп отыр. Және «Мұның бәріне үкімет қандай септігін тигізе аларын, заң жүзінен ештеңе айта алмаймын. Ығы-жығысын білмеймін. Бар айтарым, шынымен әсер  ете алатын күш көрерменде. Нақтырақ айтсақ, көрерменнің сұранысында. Осы ретте айта өту керек, көрерменнің қазақ тілді сапалы контенттің бар екенінен хабарсыз болып жататыны бар», — деп сөзін түйіндеді.

Айта өтейік, жалпы қазақша дубляждалған фильмдердің прайм-таймда жоқтығы бұрыннан айтылып келе жатыр. Тіпті, 2012 жылдары Мұрат Әбенов мәжіліс депутаты ретінде «Тіл комитеті тілдің құқығы бұзылып жатқанда қайда қарап отыр?» «Бұл – барлық қазақ тіліндегі кинолардың басында бар жағдай. Мәселен, «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен дубляждалған жоғары сапалы «Қара киімділер-3» фильмінің Алматы қаласында бір күнде 215 сеансы болса, соның бар болғаны 29-ы қазақ тілінде (13%)көрсетілген. Және оның екеуі ғана прайм-таймға белгіленген!» «Қазақы көрерменнің құқығы бұзылмауы керек» деп сауал тастаған. Міне, сонан бері жағдай әлі түзелмеген сыңайлы.


Соңғы жаңалықтар