"Ешкім секірмейді": Нұрлан Қоянбаев құны 200 млн доллар тұратын Алматыдағы трамплин құрылысына қатысты былықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешкім секірмейді": Нұрлан Қоянбаев құны 200 млн доллар тұратын Алматыдағы трамплин құрылысына қатысты былықтың бетін ашты

"Ешкім секірмейді": Нұрлан Қоянбаев құны 200 млн доллар тұратын Алматыдағы трамплин құрылысына қатысты былықтың бетін ашты

Танымал әзілкеш, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Алматыдағы трамплин құрылысын сынға алды.

  • 23 Мамыр
  • 86
Фото - Caravan.kz

Ол халықтан трамплинге ақша жұмсағаннан гөрі, емханаға қаражат жұмсаған әлдеқайда артық екенін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Егер халықтан сұрайтын болса, алдымен қай проектке ақша бөлінгені дұрыс? 1. Ешкім секірмейтін Трамплин — 200 млн доллар немесе 2. Балаларға арналған поликлиника 40-100 млн доллар», — деп жазды ол.

Көпшілік актердің бұл пікіріне қолдау көрсеткен. Олар: «Нұрлан аға, Қазақстанда ерекше балалар саны жылдап өсуде: аутизм, дцп т.с. соларды емдейтін емханалар ашса», «Трамплин салу үй қабырғасын көтермей жатып «залға» диван қоюмен тең», «Трамплин керек қой бізге, балалар сөзден секіріп үйренуі керек», «Өкініштісә сол халықтан сұрмайды гой! Өз ойларына келгенің жасайды!», — деген пікірлерін жаудырып жатыр.