Жарияланды: 400

Есіл өзенінде Ф-1 гранатасына ұқсас зат табылды

Петропавловск. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Есіл өзенінде 5-6 метр тереңдіктен Ф-1 гранатасына ұқсас зат табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 11 қарашада сағат 15.55-те Петропавловск қаласында Есіл өзенінде 5-6 метр тереңдіктен Ф-1 гранатасына ұқсас зат табылды. Жарылғыш затты алу әзірге мүмкін болмай отыр. Қорғаныс министрлігінің мамандары келгенше оқиға орнын СҚО ІІД-нің күзет қызметі тәулік бойы қарауға алады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін