Басылымның хабарлауынша, өткен аптада Тәжікстанның Гарм аудандары тобында «есірткі барондары жергілікті әкімшіліктің бірнеше шенеунігін кепілдікке алған». Қылмыскерлер оларды босату құнына өңірден армия мен шекаралық бөлімшелердің тұрақты топтарын шығаруды талап еткен. Бұл топтар мемлекеттік шекараны есірткі трафигінен қорғап, халықтың қолындағы қару-жарақты анықтау шараларын жүзеге асыратыны мәлім. Алайда, тәжік басшылығы контрабандашылармен келісімге келмегендіктен, қылмыстық жүк қожйындары ірі есірткі партияларын Қырғызстанға жөнелте бастаған.
«Российская газетаның» жазуына қарағанда, Қырғызстандағ,ы есірткіге қатысты ахуал барлық Орталық Азия өңіріндегі сияқты бірінші кезекте көршілес Ауғанстандағы есірткі өндірісіне байланысты. Сарапшылардың бағалауынша, 2007 жылы Қырғызстандағы шикі апиын түсімі 8200 тоннаны құраған. Оперативтік мәліметтерге сәйкес, шілдедің басында қырғыз-тәжік шекарасында 10 тоннадан астам ауыр есірткі түрлері шоғырланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті