Есірткінің заңсыз айналымымен күресетін Азия елдерінің одақтастығын құру керек - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сарапшылары - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есірткінің заңсыз айналымымен күресетін Азия елдерінің одақтастығын құру керек - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сарапшылары

Есірткінің заңсыз айналымымен күресетін Азия елдерінің одақтастығын құру керек - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес сарапшылары

Астана. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттердің сарапшылары 22-23 желтоқсанда Тегеран қаласында өткен кездесулерінде есірткінің заңсыз айналымымен күресетін Азия елдерінің ауқымды одақтастығын құру ниеттерін білдірді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Шара барысында форум аясында есірткінің заңсыз айналымымен күресетін Азия елдерінің ауқымды одақтастығын құру қажеттілігі айтылды. Ұйымға мүше мемлекеттердің Ауғанстандағы апиынның өсірілуін азайтуға, сондай-ақ, есірткі тасымалы желілерімен күресуге бағытталған шаралар осы мақсаттағы алғашқы қадам болуы мүмкін екендігі атап көрсетілді», — деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Иран Ислам Республикасы президентінің жанындағы Есірткіні бақылау орталығы Бас хатшысының орынбасары М. Джахани Азияның аймақтық қауіпсіздігінің басты құралы ретіндегі Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің маңызын атап айта келіп, есірткінің заңсыз айналымымен бірлесіп күресу үшін форум мүмкіндігін жан-жақты пайдалану қажеттілігін баса айтты.

Иран мемлекеті Қазақстанды ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық ету лауазымына сайлануына байланысты құттықтай келе аталмыш оқиға Еуразия кеңістігінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жаңа деңгейдегі серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің салалық шарасы алғаш рет Қазақсаннан тыс жерде өткізіліп отыр. Бұл Кеңестің Азия құрлығында беделінің өсіп мен қызметінің танымал бола бастағандығының айғағы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті