Жаңалықтар орталығының хабарлауынша, БҰҰ басқармасының атқарушы директоры соңғы жылдары есірткіні бақылау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді деп есептейді. Ол жыл сайын темекі өнімдерін пайдаланудан 5 млн адам, ішімдіктен — 2,5 млн адам, ал тыйым салынған есірткіден — 200 мың адам өлетініне назар аударды.
Сондай-ақ, есірткі туралы баяндамада соңғы бір жыл ішіндегі есірткі ұсынысының жаңа серпінмен ұлғаюы жөніндегі дабыл қағарлық мәліметтер келтірілген. Былтыр Ауғанстанда апиынның рекордтық өнімі жиналды. Соның салдарынан заңсыз апиын өндірісінің көлемі 2005 жылмен салыстырғанда екі еселенді.
Колумбияда да осыған ұқсас жағдай қалыптасқан. Мұнда да коки дақылының көлемі 25 пайызға артқан. Алайда, 2000 жылы тіркелген рекордтық деңгейден 40 пайызға төмен. «Ауғанстандағы секілді Колумбияда да коки өсірілетін жердің негізгі бөлігі содырлардың қолында тұр», — деп мәлімдеді А.М. Коста.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті