«Айқын» газеті бұл мәліметті тексеріп, жалған екенін мәлімдеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мен әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев те композитордың дін-аман есен екенін жеткізді. Бұл жалған ақпар туралы Ескендір ағамыздың өзі де әлеуметтік желіде: "Құрметті Халқым! Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат- өтірік!!! Мен Оқжетпесте демалысымды өткізіп жатырмын", деп жазды.