Ақтаудағы Lider.kz еріктілер қозғалысы мәліметінше, 10 қаңтарда облыстық ауруханаға ер адам жедел жәрдеммен жеткізілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
"Біраз уақыттан кейін ол комадан шықты. Өкінішке қарай, ер адам сөйлемейді және ештеңе есінде жоқ", — делінген жазбада.
Еріктілер туыстары немесе бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса хабарласуын сұрайды.
Мына нөмірлерге хабарласу сұралады: 8 (700) 499-72-92; 8 (700) 911-72-92.