"Ет алғанда абай болыңдар": Шошқамен қойдың будандасқан түрі жайлы видео елдің мазасын қашырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ет алғанда абай болыңдар":  Шошқамен қойдың будандасқан түрі жайлы видео елдің мазасын қашырды

"Ет алғанда абай болыңдар": Шошқамен қойдың будандасқан түрі жайлы видео елдің мазасын қашырды

Танымал журналист Жылқышыбай өзінің инстаграм әлеуметтік желісіне елдің ызасын келтіретін видео жүктеді.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 349
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Мынау не сұмдық?

Бұл барлық мұсылман қауымға жасап отырған қастандық!

Ауыл шаруашылығы министрі ай қарап отыр ма? Әлде олар "біздің шатағымыз жоқ" деп ақтала ма? Жас баланың әңгімесіне әбден тойдық, мына бассыздыққа жауап берулері керек!

"Мынаның салмағын көрші" дейді. Ұят қайда?",- деп жазба жариялады.

Көпшілік мұндай будан малдың еті базарға сатылымға шығып кете ма деп қауіптеніп отыр.

Желідегі оқырмандар: "Масқара", "Ұятсыздар салмақ береді деп шошқа өсіруге көшкен ба?!","Ақша деп өлмесеңдер болды","Жауыздыққой бұл","Шошқа мен қойды будандастырған хайуандар",- деп пікір жазды.

Оның ішінде бірқатар өнер жұлдыздары да пікір қалдырды.

Жігер Ауыпбаев: "Бұлар өскелең ұрпаққа қандай жамандық ойлап жатқанынан хабары бар ма екен?!"

Бағлан Абдраймов: "Оооо, Шшшолпаааан болып жатыр екен ғой",- деп пікір қалдырды.