Вице-премьердің пікірінше, «мәселені халықтың көші-қонын бақылаудың қарапайым, ашық әрі баршаға түсінікті шаралары аясында шешу қажет». «Еңбек көші-қоны мәселесіне қатысты қабылдаушы жақ ретінде Ресей мен Қазақстанды, ал азаматтары еңбек мигранттарына айналған Тәжікстан мен Қырғызстанды бірдей алаңдатып отырған тауқыметтерді өзара келісе шешу қажет»,- деді ол.
К.Жумалиевтің айтуынша, Қоғамдастық елдері аумағында азаматтардың уақытша еңбек миграциясы туралы келісімнің жобасы жасалған, бірақ ол «ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі отырысының қарауына шығарылған жоқ».
Қырғызстан вице-премьері «келісім жобасын қайтадан қарап, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер еңбеккерлерінің тең құқығын қамтамасыз ету үшін жобаны толықтыру қажет» деген ұсыныс жасады. «ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер тұрғындарының жұмыс іздеу тұрғысындағы мобильділік жағдайын арттыру, еңбек миграциясы принциптерін жасау барысын жеделдету қажет»,- дейді К.Жумалиев.