ЕурАзЭҚ елдерінің мемлекетаралық инвестициялық банкін құру туралы келісім мамыр айында жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ елдерінің мемлекетаралық инвестициялық банкін құру туралы келісім мамыр айында жасалады

ЕурАзЭҚ елдерінің мемлекетаралық инвестициялық банкін құру туралы келісім мамыр айында жасалады

ЕурАзЭҚ елдерінің мемлекетаралық инвестициялық банкін құру мәселесінің егжей-тегжейі туралы келісім мамыр айында жасалады. Бұл туралы бүгін, 24-наурызда ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 434
Фото - Caravan.kz

Ресей үкімет басшысының айтуынша, мемлекетаралық инвестициялық банк құру туралы бастама көтерген негізгі қатысушылар — Ресей мен Қазақстан болмақ. «Бұл банкті құруға қатысты нақты талап-шарттар, соның ішінде иемденетін үлес пен басшылық мәселелері талқылануы тиіс»,- деді М.Фрадков.

«Маусым айының басында өтеді деп межеленген ТМД экономикалық кеңесінің отырысында біз барлық ұсыныстарды сарапшылық деңгейде келісетін боламыз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта