ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы 10-қазанда Алматыда өтеді деп межеленген Қоғамдастық интеграциялық комитетінің 14-отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы  10-қазанда Алматыда өтеді деп межеленген Қоғамдастық интеграциялық комитетінің 14-отырысына қатысады

ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы 10-қазанда Алматыда өтеді деп межеленген Қоғамдастық интеграциялық комитетінің 14-отырысына қатысады

ЕурАзЭҚ-ның бас хатшысы Григорий Рапота 10-қазанда Алматыда өтеді деп межеленген Қоғамдастық интеграциялық комитетінің 14-отырысына қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Қазан 2003
  • 447
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында Қоғамдастыққа мүше елдердің интеграциялық ықпалдастығына қатысты бірқатар мәселелер қаралады деп жоспарланған. Атап айтсақ, мемлекетаралық кеңес 2003-жылдың 27-сәуірінде Душанбеде қабылдаған Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығын 2003-2006-шы және одан кейінгі жылдарда дамыту жөніндегі басым бағыттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу , сондай-ақ, оларды жүзеге асыру шаралары туралы талқылау межеленген.

Отырысқа қатысушылар өзара сауда-саттықта арнаулы қорғаныс шаралары, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолданылмаған жағдайда Қоғамдастыққа мүше елдердің ішкі рыногін қорғау тетіктерін жетілдіру туралы пікір алмасып, энергетика саласындағы ықпалдастықты дамытуға бағытталған нақты шаралар, соның ішінде Қырғызстан мен Тәжікстанның су энергетикалық қорын пайдалану мәселелерінің барысы туралы талқыламақшы.
«Бұл жолғы отырыс өткізілетін күн Еуразиялық экономикалық Қоғамдастығын құру жөніндегі келісімге қол қойылғанына үш жыл толуымен орайлас келіп отырғанымен ерекше»,- деді Алматыға аттанар алдында журналистерге берген сұхбатында Г.Рапота.
«Бұл датаны біз ұйымның басты құжатында атап көрсетілгендей, Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру процессін аяқтау жөніндегі басты мақсатқа жету жолындағы тағы бір кезең ретінде жұмыс бабында атап өтпекшіміз»,- деді ол.
Г.Рапотаның айтуынша, Қоғамдастық бұл жолда бірқатар елеулі қадамдарды жүзеге асырды. Атап айтсақ, өзара сауда-саттықта Еуразиялық экономикалық Қоғамдастығына мүше елдердің өз аумағында өндірілген тауарлардан кедендік баж салығын алып тастау туралы шешімді атауға болады. Қоғамдастыққа мүше елдердің сыртқы экономикалық іс-қызметінде қолданылатын тауар түрлерінің 60 процентіне ортақ кедендік тариф белгіленді. Ортақ кедендік тарифтің базалық тізімін біріздендіру деңгейін биыл 70 процентке жеткізу, ал 2005-жылы оны біржола аяқтау көзделген. ЕурАзЭҚ аясындағы сыртқы экономикалық іс-қызметте пайдаланылатын жаңа тауарлық тізім бекітілді. Бұл орайда Дүниежүзілік кедендік ұйымның нормалары мен тәртіптеріне сәйкес, тауарларға код тағайындаудың он орынды жүйесіне көшу жүзеге асырылды. ЕурАзЭҚ аясында сыртқы сауда, салық, кеден, валюталық заңдарды, сондай-ақ, шекара, энергетика, көлік және әлеуметтік қатынастар саласындағы заңдарды өзара үйлестіруге бағытталған 60-тан астам халықаралық актілерге қол қойылды.
«Қазір біз Қоғамдастыққа мүше 5 елдің нақты экономиклаық секторы өкілдерінің энергетика, көлік, ауылшаруашылығы, көші-қон процесстерін ескере отырып жұмыс күшін тиімді пайдалану тәрізді негізгі салалардағы өзара ықпалдастығын пәрменді түрде ұйымдастыруға басты назар аударып отырмыз. Әрине, бұл орайда әлеуметтік сала да назардан тыс қалған жоқ»,- деді Г.Рапота.
ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.
Интеграциялық комитет- Қоғамдастықтың тұрақты жұмыс істеуші органы болып табылады. Комитет құрамына еуразиялық «бестікке» қамтылатын елдердің үкімет басшыларының орынбасарлары кіреді. Интеграциялық комитет ЕурАзЭҚ органдарының өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету, одаққа мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары құрамына кіретін Қоғамдастықтың жоғары органы — Мемлекетаралық кеңес отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу міндеттерін атқарады. Интеграциялық комитет ЕурАзЭҚ бюджетін қалыптастыру мәселесі бойынша ұсыныстар дайындап, оның орындалуын қадағалайды. Сондай-ақ, мемлекетаралық кеңес тарапынан қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуына бақылау қою да комитет функциясына жатады.

Соңғы жаңалықтар