ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу жөнінде Ресейге қойылған шарттар негізінде қабылдануға келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер   Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу жөнінде Ресейге қойылған шарттар негізінде қабылдануға  келісті

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу жөнінде Ресейге қойылған шарттар негізінде қабылдануға келісті

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту бойынша Ресейге қойылған талап-шарттар негізінде қабылдануға келісті. Бұл туралы бүгін, 24-наурызда ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесі бойынша өзара келісімге сәйкес, ЕурАзЭҚ-қа мүше әрбір ел бұл бағытта дербес қадамдар жасауға тиіс. Бірақ бұл қадамдарды Қоғамдастыққа мүше басқа елдермен алдын-ала келісіп алуы керек»,- деді Д.Ахметов. Сонымен бірге оның айтуынша, «келіссөздерге Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту үшін Ресей Федерациясына қойылған шарттар негіз етіп алынады». «Бұл негіз Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі жұмыс топтары аясындағы тиімді ықпалдастыққа кең ауқымды тұғырнама іргетасын қалайды деп санаймыз»,- деді үкімет басшысы.

Перейти к новостям спорта