Бүгінде ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің тариф саясатын біріздендіру жұмыстары 56% — 90%-ке орындалды,- деді Д.Ахметов.
Бүгінгі отырыста инвестициялық құрылым құру туралы мәселе қаралды,- деп хабарлады ҚР үкімет басшысы. «Ресей мен Қазақстан биылғы жылға арналған бюджеттік бағдарламада осыған қажетті қаржыны қарастырды»,- деді ол. ЕурАзЭҚ интеграциялық комитетіне «ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер мен үкімет басшылары қарап қабылдайтындай» ұсыныстарды 2005-жылдың 20-мамырына дейін енгізу тапсырылды,- деді Д.Ахметов.
Тұтастай алғанда, «позитивтілік пен тиімділік тұрғысына алғанда» ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастығының қажеттілігі мен орындылығына шәк келтіруге болмайды, деді Қазақстан үкімет басшысы. Бұл ұйым құрылғаннан бері 74 халықаралық келісім қабылданды, олар интеграциялық құбылыстарға жұмыс істеуде, деді Д.Ахметов.