"Еуразия" қоры өзінің Орталық Азия аймағындағы жұмыс бағдарын нақты әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы Бейресми бірлестіктерді қолдауға бағыттамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еуразия" қоры өзінің Орталық Азия аймағындағы жұмыс бағдарын нақты әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы Бейресми бірлестіктерді қолдауға бағыттамақ

"Еуразия" қоры өзінің Орталық Азия аймағындағы жұмыс бағдарын нақты әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы Бейресми бірлестіктерді қолдауға бағыттамақ

Алдағы уақытта "Еуразия" қоры өзінің Орталық Азия аймағындағы жұмыс бағдарын нақты әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы Бейресми бірлестіктерді қолдауға бағыттамақ. Бұл туралы , бүгін, 3-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қордың атқарушы вице-президенті Хортон Биби-Сентер мәлімдеді.

  • 3 Маусым 2003
  • 835
Фото - Caravan.kz

Қор басшылығының пікірінше, бүгінде Орталық Азия аймағындағы қоғамдық тыныс-тіршілік оң бағытта түбегейлі өзгерді.

Аймақ елдерінде азаматтық қоғам қалыптастыруға, экономика мен жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін дамытуға қызмет ететін көптеген Бейресми бірлестіктер пайда болды.
Аяғынан тұрып үлгерген Бейресми бірлестіктер көбейіп, әртүрлі грант үшін бәсекелестік күшейді. Әр елдегі саяси ахуалға әсер ете алатын азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Сол себепті Бейресми бірлестіктерді қаржыландыратын қордардың да жұмыс бағдарын өзгерту талабы туындап отыр.
Айталық, Қырғызстанда БАҚ-тардың шынайы тәуелсіздігін нығайту үшін оларды басқаруды жетілдіруге , қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға басымдық берілмек.
Сондай-ақ, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тұтынушылар құқығын қорғауға, қолөнерді дамыту үшін шағын бизнестің шағын несиеге қол жеткізу мүмкіндігін арттыруға арналған жобалар дамытылады.
Ал Өзбекстанда жеке кәсіпкерлікті дамытуға және жергілікті қоғамдастықтарды нығайтуға , несиелік одақтарды дамытуға, оқыту орталықтарын құруға, қаржы көздеріне жол ашуға бағытталған жобаларға маңыз беріледі.
Тәжікстанда әсіресе таулы өңірлерде фермерлік шаруашылықтарды дамытуға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалауға , тәуелсіз БАҚ-тарды қолдауға,
туристік менеджментті дамытуға бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасады.
Қазақстан үшін басты мақсат- экотуризмді дамыту болмақ. Осы саладағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетілумен бірге бағдарламаны жүзеге асыру барысында жергілікті қоғамдастықтарды нығайтуға баса мән берілмек. Сондай-ақ, БАҚтар мен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары жалғасын табады.