Тимур Жақсылықов, Ұлттық экономика вице-министрі:
—Еркін сауда аймағы дегеніміз — шет мемлекеттерге ішкі нарығымызды айқара ашу. Есесіне экономикалық шартқа қол қойған елдерден жеңілдіктер аламыз. Қазір Вьетнаммен сондай келісім жүріп жатыр. Жылдың бірінші жартысында ортақ шешімге келеміз деп жоспарлап отырмыз.
Вьетнамнан бөлек Үндістан, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Перу, Чили, Тунис мен Жаңа Зеландия сынды елдер Еуразиялық экономикалық одақпен тікелей жұмыс істеуге тым құштар екен. Бұл мемлекеттер, алыста болса да «бірлесіп сауда-саттық жасайық» деп өтініш білдіріпті. Мұны естіген біздің шенеуніктер: Қазақстанға Еуропа мен Азия Тынық мұхиты аймағымен бірлесіп алып бизнес-алаңын құруға мүмкіндік туды дейді.