Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бұл Еуропа одағына кірмейтін елдердің жалпы білімі және тіл мамандығы бар қажетті маман иесі болып табылатын азаматтарына (соның ішінде Қазақстан да) арнайы уақытша тұру куәлігі мен Еуроодақ елдерінің бірінде жұмыс істеуге рұқсат алуға мүмкіндік береді. «Көгілдір карта» бастапқыда 2 жыл мерзімге одан ары да ұзарту мүмкіндігімен беріледі және жұмысқа қабылдау кезінде тең құқық береді», деп түсіндірді өкілдіктегілер.
Хабарламада көрсетілгендей, аталмыш шара миграциялық толқуды басқаруды жетілдіру және өсіп келе жатқан жаһандық бәсекелестікке, Еуропада туу көрсеткішінің төмендеуі мен халықтың қартаюына өзіндік жауап құралы болып табылады. Еуропа одағы жыл сайын 1,5 млн мигрант қабылдайды. Алайда, оның көпшілігін біліксіз мамандар құрайды. Жаңа саясат бұл үрдістің өзгеруіне бағытталған.
«Өткен аптада Лиссабон қаласында өткен көші-қон мәселелері жөніндегі конференция заңды мигранттарға қазіргіден жоғары мүмкіндік беретін сауатты көші-қон саясатынсыз бұдан арғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүмкін еместігін Еуроодақ шеңберінде барлығы түсінгендігін көрсетіп отыр», — деді Еуропалық комиссияның әділет, еркіндік және қауіпсіздік мәселелерінің комиссары Франко Фраттини.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 23 қазанда Еуропалық комиссия екі жаңа заңнамалық бастама — Еуроодақ құрамына кірмейтін мемлекеттердің жұмысшы мигранттарының негізгі әлеуметтік-экономикалық құқығы туралы директива мен білікті мигранттарды жұмысқа қабылдау рұқсаттамасы туралы директиваны («көгілдір карта» жүйесі) ұсынады. 2008 жылы мезгілдік мигранттардың, ақылы жұмыс өтілінен өтушілер мен ішкі корпоративтік айырбас қызметкерлерінің құқығы мәселесі жөніндегі одан әрі ұсыныстар енгізілетін болады.
Сондай-ақ, Еуропалық комиссия жақында көші-қон және пана беру саласында үшінші мемлекеттермен ынтымақтастық бағдарламасын (2007-2013 жылдарға арналған, бюджеті шамамен 380 млн еуроны құрайды) жүзеге асыруға кірісті. «Батыс Балқан түбегінің елдеріне, Еуропа тату көршілік саясатының мүше мемлекеттеріне, Орта Азия, Түркия және Ресей мемлекеттеріне басымдық беріледі. Қаржы құралдарына қосымша бағдарлама осы елдердің Еуроодақ мемлекеттерімен ынтымақтастықтарының дамуын, екі жақты және аймақтық ынтымақтастық және күнделікті сарапшылар кездесулерін қамтитын болады», — деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті