деп Франция президенті Франсуа Олланд журналистерге мәлімдеді.
«Санкцияны қатаңдату туралы шешім қабылданбады, өйткені Украинада бейбіт реттеу үрдісі жалғасуда», деп ол саммит соңында мәлімдеді.
Ол санкцияны жұмсарту жағдайдың өрбуіне қарай болатынын айтады.
Ф.Олланд Францияның Ресейге "Мистраль" тікұшақ тасығышын беру үшін жағдай пісіп жетілмегенін мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, Францияға «Мистраль» тікұшақ тасығышын басқару курсынан өткен ресейлік теңізшілер кеше «Смольный» оқу кемесімен еліне қайтты.
"Рособоронэкспорт" пен француздың DCNS компаниясы 2011 жылы маусымда екі тікұшақ тасығышын салуға келісімшарт бекітті.
Қыркүйек айында Франция президенті Ф.Олланд «Мистральдерді» Ресейге жеткізу туралы ақырғы шешім Украинадағы жағдайдың өрбуіне қарай қабылданатынын мәлімдеген болатын.