Еуроодақтың Сыртқы істер жөніндегі кеңесі Украина, Сирия және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуроодақтың Сыртқы істер жөніндегі кеңесі Украина, Сирия және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды

Еуроодақтың Сыртқы істер жөніндегі кеңесі Украина, Сирия және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды

Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі кеңесі дүйсенбі, 19 қараша күні өтетін отырыста Украина, Сирия, Таяу Шығыстағы және әлемнің басқа өңірлеріндегі жағдайды талқылайды.

  • 16 Қараша 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ЕО Кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Украинадағы парламенттік сайлаудың нәтижелері бойынша пікірталас өтеді. Дегенмен қандай да бір шешім қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Талқылау ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін сыртқы істер жөніндегі кеңестің қорытынды отырысына дайындық ретінде өткізіледі.

ЕО кеңесі Сирияда болған соңғы оқиғаларды талқылайды. Министрлер бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасады.

Еуропалық сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Таяу Шығыста бейбітшілік орнату үдерісінің қорытындыларын қарастырып, Палестина әкімшілігінің БҰҰ-да бақылаушы дәрежесіне ие болу жөніндегі бастамасын талқылайды.

Сонымен қатар ЕО мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлері АҚШ, Мали, Конго, Куба, Сомали, Мысыр және әлемнің басқа да өңірлеріндегі жағдайды талқылауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар