Британиялық команда өз алаңында өткен жартылай финалдық матчта испандық «Сельтамен» ойнап, тең түсті. Манкуниандықтардан голды Маруана Феллайни соқса, қонақтар арасынан Факундо Ронкалья ерекшеленді. Бірінші ойын ағылшындардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.
«Аякс» қарсыластарының алаңында өткен екінші ойында француздық «Лионға» есе жіберді (1:3). Алайда олар бірінші матчта жеңіске жетуінің арқасында (4:1) финалға жолдама алды. Француздық командада Александр Ляказетт екі рет гол салса, үшінші доп Рашид Геззальдің еншісінде. Амстердамдықтардың арасынан Каспер Дольберг гол соқты.
Финал ойыны 24 мамыр күні Стокгольмдегі «Френдс-Аренада» өтеді.