Жарияланды: 490

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Алматыда шағын бизнес өкілдеріне арнап салық тренингін өткізбекші

22-шілдеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы өкілдігі мен Алматы Кәсіпкерлерінің қауымдастығы шағын және орта бизнес өкілдеріне арнап салық мәселелеріне байланысты тренинг-машықтандыру сабақтарын өткізбекші.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы өкілдігінен хабарлады. Тренинг 2003-жылдың сәуір айында басталған "Бақылау-қадағалау мекемелері және шағын кәсіпкерлік субьектілері : өзара байланыстар этикасы" атты жоба аясында өткізіледі. Тренинг алдында жобаның алдын-ала қорытындысына арналған конференция өткізіледі. Тренинг шеңберінде "салық бойынша біртұтас ақпараттық құрылым, салық төлеушілер мен салық инспекцияларының құқығы мен міндеттері, салықты жоспарлау және мемлекеттік мәжбүрлеу және т.б" тақырыптарда машықтандыру сабақтары ұйымдастырылмақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть