Жарияланды: 350

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2003-жылғы бюджетінде Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 700 мың евро жоспарланған

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 2003-жылғы бюджетінде Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға 700 мың евро жоспарланған. Бұл туралы бүгін, 9-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұйымның оңтүстік астанадағы орталығының экономикалық және экологиялық мәселелер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Армандс Пуполс хабарлады.

А.Пуполстың айтуынша, "биыл ұйым аясында бұрынғыдан өзгеше қаржылық ахуал қалыптасып отыр : бұған дейін жекелеген жобаларды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-донор елдер қаржыландырып келсе, биыл мұндай үрдіс қолданылмайды. Әзірге Венадан бюджеттің бекітілгені туралы жауап келген жоқ. Бірақ біз ұйым басшылығы қажетті қаржыны бөледі деген үміттеміз",- дейді ол. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстан аумағында жүзеге асыратын бір жобасының құны 15-30 мың евроны құрайды. А.Пуполстың айтуынша, ұйым ай сайын 3-5 жобаны жүзеге асырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін