Жарияланды: 530

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді

7-шілдеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасы, Нидерланды Корольдығының сыртқы істер министрі Яап де Хооп Схеффер ресми сапармен елімізге келгелі отыр. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

Сапар барысында Ұйым төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиевамен, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен, сондай-ақ, еліміздегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Сапар аясында Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы арасындағы әскери-саяси, экономика және экология, Ұйымның адамдық өлшемі саласындағы ынтымақтастығына қатысты көкейкесті мәселелер сараланбақ. "Бұл сапар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының Орталық Азиядағы іс-қызетіне қосымша серпін береді",- деп атап көрсетті ҚР СІМ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының қазіргі төрағасының ресми сапары 2003-жылдың ақпан айына белгіленген болатын, алайда Ирак төңірегіндегі ахуалға байланысты сапар мерзімі кейінге шегерілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть