Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімді атқару жоспары мен келісім бойынша басшылық құжаты деп аталған бұл құжаттар келісім шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту және оның әлеуетін толыққанды жүзеге асыру үшін , соның ішінде Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі жаңа стратегиясы қабылдауына байланысты арнайы жасалған.
Бұл жоспар осы жылдың желтоқсан айында Брюссельде өтетін министрлер деңгейіндегі ынтымақтастық кеңесінің кездесі кезінде ресми түрде бекітуге ұсынылады.
Әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге екі жақ 1995 жылы қол қойып, ол 1999 жылы алғашқы он жылға күшіне енген. Ол сауда-саттық, инветияциялар, транспорт, қауіпсіздік, білім беру және адам құқықтарына дейінгі екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелерді қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті