Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары — ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiнiң комиссары Рәпiл Жошыбаев мәлiм еттi.
"Бiз Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандықтар үшiн визалық режимдi жеңiлдету үшiн Еуропалық одақ елдерiмен келiссөздер жүргiзудемiз. Өз кезегiнде Еуропалық одақ мемлекеттерi осы бағытта жұмыс жасап жатыр, егер бiз қазақстандық заңнаманы еуропалық нормалармен сәйкестендiретiн болсақ, олар қазақстандықтарға визалық режимдi жақсартуға дайын тұр", — дейдi ол.
Оның сөзiне қарағанда, сәйкестендiру жөнiндегi әңгiме заңсыз көшi-қон, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, азаматтарды елге қайтару, елден бассауғалауға мәжбүр азаматтарға баспана беру, шекара қызметi, есiрткi тасымалы, паспорттардың қорғау қасиеттерiн жетiлдiру, жеке ақпараттардың қорғалуы саласындағы заңнамаларда болып отыр.
"Осы мақсатта бiзде ҚР мен ЕО арасында визалық режимдi жеңiлдету бойынша шаралар жоспары жасақталуда. Ол енгiзiлетiн болса, визалық режимдi жеңiлдету бағытында нақты iстер жасалады", — дедi Р. Жошыбаев.
Қазiргi уақытта жоспар жобасы Үкiметте қаралуда және жақын арада қабылдануы шарт.