Жарияланды: 530

Еуропалық Одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдайды

Еуропалық Одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуін қолдайды. Еуропалық Комиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі комиссары Кристофер Паттен бүгін, 16-наурызда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін осылай деп мәлімдеді.

К.Паттеннің пайымдауынша, "бұл - шетелдік инвесторларға жасалатын жағдайды жақсартуда айрықша маңызды қадам болмақ". "Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуі аталмыш ұйымға да, Қазақстанның өзіне де өте тиімді",- деді К.Паттен. Қазақстан - Еуропалық Одақтың Орталық Азия аймағындағы ірі сауда-инвестициялық әріптесі болып табылады. 2003-жылы Еуропалық Одақ елдері мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4,04 млрд. долларды құрады. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 31 процент артық. 2003-жылғы экспорт көлемі 1,985 млрд. долларды, импорт - 2,056 млрд. долларды құрады. Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар арасында Италия (7,9%), Франция (2,2%), Нидерланды (1,4%), Ұлыбритания және Германия ( әрбіреуі 1,1%-тен) бар. Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, асыл емес металл түрлері, ауылшаруашылығы, химиялық және минералды өнімдер мен тоқыма бұйымдар шығарады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін