Жарияланды: 350

Еуропалық Парламент Қазақстан Парламентімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Еуропалық Парламент Қазақстан Парламентімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездескеннен кейін Еуропалық Парламенттің депутаты Паоло Бартолоцци мәлім етті.

«Негізгі мақсат - ол Парламентаралық сессия болып табылады. Біз Парламентпен кездесіп, Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін келдік. Оның ішіндегі тақырыптардың бірі осы ынтымақтастықты нығайтуға негізделген»,-деді ол. Сонымен қатар депутат Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық мәселеге тоқталды. «Визалық тәртіпті жеңілдету бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Атап айтқанда, бұл мәселе айтарлықтай қиын, себебі ЕО-ның көші-қон саясаты күрделі. Алайда, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы тығыз экономикалық, коммерциялық байланыстарды ескере отырып, бұл бағыттағы жұмыстардың перспективасы бар. Және осы бағытта көп жұмыстар атқарылады деген ойдамын»,-деп түйді Паоло Бартолоцци.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін