Еуропалық парламент Қазақстандағы саяси өзгертулерге оң баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық парламент Қазақстандағы саяси өзгертулерге оң баға берді

Еуропалық парламент Қазақстандағы саяси өзгертулерге оң баға берді

Еуропарламент Қазақстанда демократиялық құндылықтарды орнықтыру бағытындағы нақты ілгерілеушіліктерге жоғары баға беріп, Республикадағы сайлау жүйесінің одан әрі жетілдіріле түсетініне сенім білдірді.

  • 8 Шiлде 2003
  • 527
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 8-шілдеде еліміз парламентшілерінің Еуропалық парламентке жасаған сапарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәжіліс төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей мәлімдеді.

Парламентшілер шілденің 3-4 жұлдызында Страсбург қаласында өткен парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» атты 4-отырысына қатысып қайтқан болатын.
«Экономикалық және құқықтық қай тұрғыдан болмасын, Қазақстанның беделі баршаны мойындата бастағанына көз жеткізіп қайтқандықтан өз басым сапар қорытындысына көңілім толады»,- деді палатаның вице-спикері өз сөзінде.
М.Көпейдің айтуынша, Қазақстандық депутаттардың комитет жұмысына қатысуы мен олардың ашық әңгіме әзірлік танытуы Еуропалық парламенттің бірқатар депутаттарының Қазақстанға қатысты өз позицияларын қайта қарап, оны түбегейлі өзгертуіне ықпалын тигізген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропалық парламент 2003-жылдың 13-ақпанында Қазақстанға қатысты резолюция қабылдап, онда еліміздегі демократиялық реформалардың жүзеге асырылу жағдайы мен қарқынына , сондай-ақ, тәуелсіз БАҚ-тар мен оппозициялық партиялардың қуғынға ұшырауына қатысты алаңдаушылық білдірілген болатын. Алайда, М.Көпейдің хабарлауынша, осы жолғы комитет отырысында Еуропалық халық қалаулылары аталмыш резолюцияның асығыс қабылданғанына өкініш білдірген көрінеді.
Мәжіліс төрағасының орынбасары сондай-ақ, Қазақстандағы ахуалға шынайы баға берілген жаңа резолюцияның қабылдану мүмкіндігін, егер ондай жағдайда бұрынғы резолюцияның өз күшін жоятындығын хабарлады. Жалпы алғанда, вице-спикердің айтуынша, Еуропарламентте мұндай резолюциялардың мыңдаған түрі қабылданатынын, оған көптеген елдердің анау айтқандай мән бере қоймайтын көрінеді. «Алайда, біздің ел демократиялық мемлекеттілікке ден қойған жас республика ретінде мұндай мәлімдемелерге мән бермей тұра алмайтындықтан саясат пен экономикадағы оңды нәтижелермен өзінің шынайы демократияға деген ұмтылысын дәлелдеуге тиіс»,- деді М.Көпей.
«Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» атты Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің кезекті отырысы 2004-жылы елімізде өтетін болып келісілді.

Соңғы жаңалықтар