Жарияланды: 570

Еуропалық қайта құру және даму банкі "Казкоммерцбанк" ААҚ-ның дауыс беруші акцияларының 15 процентін сатып алу туралы келісімге қол қояды

Бүгін, 6-маусымда Еуропалық қайта құру және даму банкі "Казкоммерцбанк" ААҚ-ның дауыс беруші акцияларының 15 процентін сатып алу туралы келісімге қол қояды,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Келісімге қол қою салтанатына Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер, аталмыш банктің бизнес-тобының директоры Хуберт Панза, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жөніндегі аймақтық директоры Майкл Дейви, "Казкоммерцбанк" ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Субханбердин, "Казкоммерцбанк" ААҚ басқармаларының төрайымы Нина Жүсіпова, "Казкоммерцбанк" ААҚ директорлар Кеңесінің мүшесі Дәулет Сембаев, "Казкоммерцбанк" ААҚ-ның атқарушы директоры Ельдар Әбдіразақовтар қатысады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть