Жарияланды: 420

«Евровидениеде» ел намысын мүгедекарбадағы әнші қорғайды

«Евровидениеде» ел намысын мүгедекарбадағы әнші қорғайды

Биыл Киевте өтеді деп жоспарланған «Евровидение-2017» халықаралық музыкалық байқауында Ресей атынан мүмкіндігі шектеулі әнші Юлия Самойлова өнер көрсетеді. Ол Flame Is Burning әнін орындайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы халықаралық байқауға әнші іріктеумен найналысқан Бірінші арна хабарлады.

Самойлова 1989 жылы Ресей құрамындағы Коми Республикасының Ухта қаласында дүниеге келген. Оған 13 жасында дәрігерлер Вердинг-Гоффман арқа амиотрофиясы деген диагноз қойған. Ол өзінің жарым жандығына қарамастан, түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

2013 жылы Юлия Алла Пугачева жетекшілік еткен «Фактор А» жобасының 3-кезеңінің финалисі атанды. 2014 жылы Сочидегі қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті.

Бұған дейін халықаралық байқауда Ресей намысын Александр Панайотов қорғайды деген сыбыс тараған еді, алайда әнші оны жоққа шығарды.

27 ақпанда байқауды Украинаның танымал шоумендері Владимир Остапчук, Александр Скичко мен Тимур Мирошниченко жүргізетіндігі белгілі болды. «Евровидения-2017» байқауын ұйымдастырушы мемлекеттің атынан O.Torvald рок-тобы өнер көрсетеді. Олар Time әнін орындаймақ.

Украина 2017 жылғы Евровидение байқауын ұйымдастыру құқығына былтыр Джамала есімді әншінің «1944» әнімен қол жеткізген жеңісінің арқасында ие болды. Ән-жарыс Киевте өтеді. Жартылай финал 9 мен 11 мамырда, финал 13 мамырда өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін