«EXPO ісіне» қатысы бар 12 күдікті жазаға тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«EXPO ісіне» қатысы бар 12 күдікті жазаға тартылды

«EXPO ісіне» қатысы бар 12 күдікті жазаға тартылды

EXPO ісіне қатысы бар Қажымұрат Үсеновке сот үкімі шықты. Қазына қаржысын жымқырды деп айыпталған «Астана EXPO-2017» компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын жалпы режимдегі түзету мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ сотталушының барлық мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет пен жоғары шенді лауазымда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

  • 8 Маусым 2016
  • 351
Фото - Caravan.kz


Қажымұқан Мекемтас, Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы:

— Үкім заңды күшіне енген уақытқа дейін Үсеновке қатысты бұлтартпау шарасы үйқамақтан қамауға өзгертілсін. Қамауға сот отырысы залында алынсын. Сонымен бірге бүгін «EXPO ісіне» қатысы бар тағы 11 күдікті жазаға тартылды. Оның төртеуі Үсеновпен бірге қамауға алынса, біреуі шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуінің бостандығы шектеліп, қалған төртеуі 20 млн теңгеден айыппұл төлейтін болды. Ал атышулы істің бас айыпталушысы – Талғат Ермегияевке байланысты сот үкімі екі күннен кейін шығады.

Соңғы жаңалықтар