«EXPO-2017» көрмесінде ұсынылған жобалар Ақмола облысында жүзеге аспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«EXPO-2017» көрмесінде ұсынылған жобалар Ақмола облысында жүзеге аспақ

«EXPO-2017» көрмесінде ұсынылған жобалар Ақмола облысында жүзеге аспақ

«EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жобалардың бесеуi Ақмола облысында жүзеге асырылуы мүмкiн. 

  • 17 Қазан 2017
  • 425
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткен аппарат кеңесiнде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Виктор Радченко мәлiмдедi. Оның сөзiнше, мамандар «EXPO-2017» көрмесiнде энергетика және мұнайгаз саласында ұсынылған 130 жаңа технологиямен танысқан. Арнайы құрылған жұмыс тобы осы жаңа технологиялардың iшiнен өңiрде жүзеге асыруға тиiмдi деген 5 жобаны таңдап алған. Ақмола облысы үшiн «жасыл энергетика» ережесi бойынша «құбырсыз» газ тарту жобасы тиiмдi.

«Бұл жоба экономикалық және экологиялық жағынан тиiмдi», — дедi басқарма басшысы В. Радченко.

Сонымен қатар, келешекте Аршалы ауданының Қостомар ауылында қуаты 100 МВт жел электр стансасы салынатын болады. Ал, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсiпорыны инновациялық жолмен турбогенераторды iске қосуды жоспарлап отыр. Тағы бiр ноу-хау Степногор қаласындағы су тазалау нысанын жаңғырту болса, ендi бiрi «Көкшетау минералды сулары» АҚ электртаратқыш желiсiнде компьютерлiк бақылау технологиясын енгiзу көзделген.

Аппарат кеңесiнде биылғы жылу беру маусымы да сөз болды. Биыл жылу маусымы облыс бойынша ойдағыдай басталды. Ала жаздай жылу қазандықтары, құбырлар жөнделiп, отын қоры жасалды. Әлi де болса отын қоры толықтырылып жатыр. Жылу беру маусымына қатысты облыс әкiмi Мәлік Мырзалин Көкшетау және Степногор қалалары мен барлық ауданның әкiмдерiн әлеуметтiк нысандарға жылу берудiң тұрақты нормативiн сақтауды және тұрғындарды сумен, электр қуатымен, жылумен үздiксiз қамтамасыз етудi тапсырды.


Соңғы жаңалықтар