Facebook Үндістанды тегін интернетпен қамтамасыз етті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Facebook Үндістанды тегін интернетпен қамтамасыз етті

Facebook Үндістанды тегін интернетпен қамтамасыз етті

 Facebook үндістандық алты штатты тегін базалық онлайн-сервисімен қамтамасыз етіп, өзінің Internet.org жобасын іске қосты. Бұл туралы Facebook-тің бас директоры Марк Цукерберг өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлады  lenta.ru.

  • 11 Ақпан 2015
  • 276
Фото - Caravan.kz

«Біз жаңа ғана Үндістанда Internet.org жобасын қосып, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыс іздеуге және тілдесуге қолжетімді болуы үшін алты штаттың адамдарын тегін интернет-сервиске қостық. Үндістанда бір миллардтан астам адам Интернетке қол жеткізе алмай отыр — бұл олар біздің көпшілігіміз үшін қалыпты жағдайға айналып кеткен мүмкіндіктерді пайдаланудан тыс қалып отыр деген сөз, ал әлем олардың идеялары мен креативтілігінен айырылып отыр», — деп жазады Цукерберг.

Facebook басшысының айтуынша, үндістандық алты штаттың тұрғындары Wikipedia, BBC жаңалықтары, сондай-ақ Facebook-тің өзі сияқты отыздан астам интернет-сервиске тегін қол жеткізе алады.

«Соңғы жылы біз Internet.org тегін сервистерін жалпы саны 150 миллион адамды құрайтын Африка және Латын Америкасы елдеріне қостық. Алты миллионнан астам адам бұрын интернетке қол жеткізе алмады, енді оған ие болды. Үндістан сияқты бүкіл әлемдегі барлық адамдардың интернет мүмкіндігін пайдалануына көмектесе алатын күн де туар», деп атап өтеді Цукерберг.

Бұдан бұрын жобаға Гана, Замбия, Кения, Колумбия және Танзания қосылды. Дегенмен Үндістан бүгінде серпінді дамып келе жатқан ірі ел, енді онда да Internet.org. жұмыс жасай бастады. Талдамашылардың болжамдарына қарағанда, Үндістан көп кешікпей Facebook-ті пайдаланушылар жағынан АҚШ-ты басып озады. Internet.org қайырымдылық бастамасының мақсаты әлем бойынша бес миллиард адамды интернетке қосу (негізінен әңгіме кедей африкандық елдер халқы туралы болып отыр). Facebook жобасы аясында әріптестердің көмегімен  онлайн-сервиске тегін қосу, электронды  мәліметтер беру тиімділігін арттыру және интернетке қосылу құнын 100 есе төмендету жоспарлануда.