Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына 2 тоннаға жуық өндірістік және ғылыми тәжірибелер жасауға арналған жабдықтарды жеткізуі тиіс болатын. Құзырлы органдардың хабарлауынша, жарылыс Флорида штатында космодромнан ұшқан сәтте болған. Ракетаның сынықтары Атлант мұхитына түскен. Қазір жарылыстың себептері нақтылануда. Ақпарат http://24.kz/kz сайтынан алынды.