"Фаст-фудтар жабылсын": Белгілі маман бургер мен фриден үзілді-кесілді бас тартуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Фаст-фудтар жабылсын": Белгілі маман бургер мен фриден үзілді-кесілді бас тартуға шақырды

"Фаст-фудтар жабылсын": Белгілі маман бургер мен фриден үзілді-кесілді бас тартуға шақырды

Белгілі нутрицолог маман Талшын Артыққызы еліміздегі балалар үшін жаңа заң қажет екенін айтты. Ол балалардың фаст-фудты, оның ішінде фри, бургер, нагеттерді жеуден бас тартуға шақырды.

  • 28 Қазан 2021
  • 178
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Балалармен демалыста қыдырып, тамақтануға кірсең любой ресторан, кафе, тамақтану орнында Детское меню — не детское болып тұрады! Алып беретін зат таппайсың!
Даяршыдан сұрасаң: фри, бургер, нагеттер, сырные палочки ( кілең қуырған, кілең трансмай).
Баланы қыдыртып, ойнатып , плюс денсаулығын өз қолымызбен улап шығу керекпіз бе?
Аналары да смело сол тағамдарды жегізіп отыра береміз…

Бүгін жәй ғана қала көшелерімен жаяу жүргім келді. Таң қалдым. Не деген фаст-фуд пен тез дайын болатын тағамдар желісі қаптап кеткен…
Көбінің басында жарнама тұр, ел алдында жүрген блогерлерден….

Түсінем… бизнес. Түсінем, жастарға қол жетімді және оңай…
Бірақ мені қынжылтқан ол емес… Біреудің қалтасында нем бар.

Қынжылтқаны сол жерде очередьте тұрған балалар. Ата-аналар… 2 жасар балаға да фри мен бургер беріп отыр. Мектеп жасындағы балалар жарыса бургерін, дөнерін алып тұр…
Ал енді олардың денсаулығы ше?
Фаст-фуд- мусор тамақ , білесіз бе?
Пайдалы ештеңе жоқ қой онда. Ал небәрі 2 жасар балаға неге қиянат жасайсыңдар и, жап-жас ағзаға!

Менің үнім жетер ма, жетпей ма білмеймін. Бірақ, осындай тез дайын болатын, фастфуд, балаға зиян тағамдарды 14 жасқа дейінгі балаларға тыйым салса ше?
Білем, абсурд! Білем, жесек өлмейміз , жеп жүрміз деген таяз сана…
Бірақ, неге бала шетінеу көп, неге аутизм бала көп, неге аллергик бала көп, неге 4 жасар баланың өті толған, неге 5 жасар бала 37 кг семіздік, неге 5 жасар балада уже сахарный диабет, неге елімізде онкология көбейді? ( именно асқазан, ішек, бауыр) Ойландыңыз ба?

Темекі мен арақ қандай зиян болса, олар да сондай зиян ғой!
Оларды 21+ дейді ғой!
Ересек адам не істесе өзі біледі!

Ал мен 12-14 жас деймін, хотя бы! Санасы бар, ата-анасы дұрыс бағытта тәрбиеленген бала жемес..
Балаларға беруге болмайтын тағам ретінде бекітсек қалай болады?
Бала -болашақ қой!
Ал , блогерлер, ел алдында жүрген азаматтар сіздерге де айтарым:
Балаларға еш пайдасы жоқ фаст-фудты насихаттағанша, давайте САЛАУАТТЫ ӨМІРДІ, спортты, шахматты, жүзуді, дұрыс тамақтануды насихаттап жарнама жасайықшы", — деп жазды Талшын Артыққызы.

Естеріңізде болса, Талшын Артыққызы бірнеше ай бұрын Caravan.kz медиа порталының студиясында қонақта болып, дұрыс тағам, диета туралы сұхбат берген болатын.

Толығырақ:

 

Соңғы жаңалықтар