Федералды ғарыш агенттігі құлаған "Протон-М" компоненттері туралы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Федералды ғарыш агенттігі құлаған "Протон-М" компоненттері туралы мәлімдеме жасады

Федералды ғарыш агенттігі құлаған "Протон-М" компоненттері туралы мәлімдеме жасады

"Протон-М" зымыранын ұшыру кезінде орын алған апат жағдайының себептерін анықтау жөніндегі комиссия белгілегендей,

  • 16 Мамыр 2014
  • 597
Фото - Caravan.kz

құлаған "Протон-М" бүкіл бөлшектері және отын компоненттері Жерге жетпестен атмосфераның тығыз қабаттарында өртеніп кеткен, деп хабарлады Федералды ғарыш агенттігінің баспасөз орталығынан.

"Телеметрикалық ақпараттың бастапқы деректеріне қарағанда, 3-ші саты 160 шақырымда зақымданған, ұшу жылдамдығы секундына 7 шақырым. Бүкіл құрамдас бөлшектер және отынның компоненттері атмосфераның тығыз қабаттарында өртеніп кеткен", делінген орталықтың хабарламасында.

"Бриз-М" айдаушы блогы және "Экспресс-АМ4R байланыс аппараты бар "Протон-М" Байқоңырдан жұмада мәскеулік сағат 01:42-де ұшырылған.


"Экспресс-АМ4R"-ні ұшыру және пайдалану жағы сақтандырылған, делінген онда.