Федералды резерв жүйесінің басшысы Бен Бернанке АҚШ-та болуы мүмкін техникалық дефолт әлем экономикасына кері әсер етеді деп есептейді
АҚШ-та болуы мүмкін техникалық дефолт әлем экономикасына да кері әсер етеді, деп хабарлайды rbc.ua сайты |
«… Техникалық дефолт АҚШ-қа кері әсер етіп, елді шок жағдайына апарады, оның әсері ұлттық экономикаға ғана емес, әлемдік экономикаға да жайылады», - делінген сайтта АҚШ федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) басшысы Бен Бернанкеге сілтеме жасап.
Мақалада америкалық қазынашылық облигацияларға сенім АҚШ-тың қаржы жүйесі үшін дағдарыстық мәнге ие екені айтылған.
«Мұндай қадамның басты салдары (мемлекет қарызының деңгейін арттырудан бас тарту - ҚазТАГ) инвесторлардың АҚШ мемлекеттік акцияларына әлемдегі сенімді және ең ликвидті активтер ретіндегі сенімінің жоғалуы болады», - дейді Б.Бернанке.
ФРЖ басшысы мемлекет қарызының шекті деңгейін арттырудан бас тартуды сәтсіздікке апаратын «өз-өзіне қол салу» актісі деп атады.
Мақалада АҚШ 2011 жылдың мамырында мемлекет қарызының заң бойынша белгіленген шекті мөлшері $14,3 трлн-ға жеткені айтылған. Егер АҚШ конгресі 2011 жылдың 2 тамызына дейін мемлекет қарыздарының лимитін арттырмаса, Америка тарихында алғаш рет мемлекеттік облигациядар бойынша дефолт қаупі туындайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің шығындардың әр доллары 40%-ға заем қаржымен қаржыландырылып отыр.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың ақпаратына сәйкес, онда «бізге жоғары көтерілуге жол бермейтін индикаторлар (мемлекеттік қарыздың деңгейі де –ҚазТАГ) белгіленеді».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін